Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан жыл сайынғы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақыны табыстау конкурсына өтінімдерді қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды Social Media.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 1 шілдеден бастап 2 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.
Конкурстың мақсаты – ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру мақсатында институционалдық қолдау көрсету.
Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.
Техникалық ақауларға байланысты өтінімді жаңадан құрылған premiya2025@cisc.kz электрондық поштасына жолдауларыңызды сұраймыз.
Конкурсқа қатысу шарттары туралы толығырақ мына сілтеме арқылы біле аласыз:
https://www.gov.kz/memleket/entities/akk/documents/details/863651?lang=kk
Сұрақтар туындаған жағдайда мына нөмірлерге хабарласуға болады:
8 (7172) 74-09-97, 74-07-41, 74-02-17.