Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетҚазақстан жаңалықтарыҚазақстанда МӘМС аясында балаларға стоматологиялық көмек: брекеттер мен импланттар жобасы іске қосылған...

Қазақстанда МӘМС аясында балаларға стоматологиялық көмек: брекеттер мен импланттар жобасы іске қосылған жоқ

Ақпараттық кеңістікте Алматы, Астана, Шымкент қалалары мен бірқатар облыстарда 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба іске қосылғаны туралы хабар тарауда. Алайда бұл ақпарат қазіргі таңда шындыққа сәйкес келмейтіні ресми түрде хабарланды, деп хабарлайды Social Media.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС жүйесі арқылы балалар белгілі санаттарға тегін стоматологиялық көмек ала алады. Бұл қызметке жедел және жоспарлы стоматологиялық қызметтер кіреді. Балаларға күрделі тісжегіні, пульпитті және периодонтитті емдеу, тіс түбірін пломбалау, тіс жұлу, абсцессті ашу, пластикалық операциялар жүргізу, пародонт қалталарын санациялау, сондай-ақ алдын алу шаралары – фиссураларды герметизациялау, реминерализация, миотерапия және басқа да қызметтер ұсынылады.

Сонымен қатар, МӘМС аясында ортодонтиялық көмек те қолжетімді. Бұл көмек туа біткен жақ-бет патологиясы бар балаларға, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі. Қызметтің құрамына ортодонт кеңесі, туа біткен патологиясы бар балаларға ортодонтиялық пластинканы қолдана отырып тіс-жақ аномалияларын түзету, ортодонтиялық коррекция, кешенді бастапқы тексеру, тіс қалыбын алу, сүт және тұрақты тістерді тегістеу, сонымен қатар ортопантомография кіреді.

Туа бітті және жүре пайда болған жақ-бет аймағының деформациялары бар балаларға медициналық көмек стоматолог дәрігердің көрсетілімдері бойынша амбулаториялық жағдайда немесе бет-жақ хирург-дәрігерінің қатысуымен стоматологиялық және жақ-бет хирургиясы қызметін көрсететін медициналық ұйымдарда ұсынылады. Барлық аталған қызметтер МӘМС жүйесі аясында жүзеге асырылады.

Еске салсақ, жоспарлы стоматологиялық көмекті балалар мен жүкті әйелдер ала алады. Ал жедел стоматологиялық көмек келесі санаттарға көрсетіледі: балалар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен ҰОС ардагерлері, 1, 2, 3 топтағы мүгедектігі бар азаматтар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар, жұқпалы немесе әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын пациенттер және олардың жақындары, мүгедектігі бар баланы немесе І топтағы мүгедегін күтетін жұмыс істемейтін тұлғалар, сондай-ақ «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар.

Пациенттің жағдайының жедел санатқа жатқызылуы, оның ішінде қатты ауырсынуы, стоматолог дәрігердің жүргізген клиникалық бағалауына және қабылдаған шешіміне байланысты анықталады.

МӘМС жүйесі аясында ұсынылатын бұл қызметтер балалар мен олардың отбасыларына сапалы стоматологиялық көмек алуға мүмкіндік беріп, алдын алу шаралары арқылы тістер мен ауыз қуысының саулығын сақтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер