2025 жылы Астана күні дәстүрлі түрде 6 шілдеде атап өтіледі. Бұл күн жексенбіге түсіп отыр. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, егер мереке демалыс күніне сәйкес келсе, онда келесі жұмыс күні ресми түрде демалыс болып есептеледі. Осыған байланысты бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар қатарынан үш күн — 5, 6 және 7 шілдеде демалады, деп хабарлайды Social Media.
Алты күндік жұмыс режиміндегі қызметкерлер үшін ресми демалыс күндері – 6 және 7 шілде, яғни жексенбі мен дүйсенбі болады. Астана күніне орай елордада және басқа өңірлерде дәстүрлі түрде түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтеді: концерттер, фестивальдер, жәрмеңкелер, көрмелер мен спорттық шаралар ұйымдастырылады. Негізгі мерекелік бағдарламалар Астанада өткізіледі деп жоспарланып отыр. Өндірістік күнтізбеге сәйкес, 2025 жылғы шілде айында бес күндік жұмыс аптасында 22 жұмыс күні және 9 демалыс күні болады. Алты күндік жұмыс режимінде -26 жұмыс және 5 демалыс күні қарастырылған. Мерекелік демалыс күндері қазақстандықтарға шағын демалыс ұйымдастыруға, отбасымен уақыт өткізуге немесе қаладағы мәдени іс-шараларға қатысуға жақсы мүмкіндік береді.