Қазақстандықтар 2025 жылдың басынан бері «БейнеХҚКО» сервисін 25 676 рет қолданды, деп хабарлайды Social Media.
Бұл – мемлекеттік қызметтерге қашықтан жүгінуге мүмкіндік беретін ең сұранысқа ие цифрлық арналардың бірі. Сервис шалғай елді мекендерде немесе шетелде тұратын азаматтарға, мүгедектігі бар жандарға, сондай-ақ жұмыспен немесе отбасылық жағдайлармен халыққа қызмет көрсету орталығына бара алмайтын азаматтарға ыңғайлы. БейнеХҚКО арқылы бала туу және оның күтімі бойынша жәрдемақы рәсімдеу, көпбалалы отбасылар мен мүгедек адамдарға арналған жәрдемақылар, соттылық туралы анықтама алу, әлеуметтік қызметтер мен түрлі көмек түрлерін ресімдеу сияқты қызметтерге сұраныс жоғары. Қызметті пайдалану үшін «ЦОН» мобильді қосымшасын Google Play немесе App Store арқылы жүктеп, тіркелу қажет. Одан кейін бейнебайланыс бөліміне өтіп, операторға қосылуға болады. Қызметкер кеңес беріп, өтінішті толтыруға көмектеседі және қажет болған жағдайда құжаттарды қабылдайды. Егер қызмет ақылы болса, төлем екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы онлайн жүргізіледі. Қызметтің нәтижесін бейнеқоңырау кезінде немесе кез келген ХҚКО-дан алуға болады.