Жұма, Желтоқсан 5, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетҚазақстан жаңалықтары5 желтоқсан - Халықаралық волонтерлер күні

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күні

Елімізде волонтерлік қозғалыс дамып келеді. Биыл волонтерлік ұйым саны 800-ден асып, белсенділер 300 мыңға жетті, деп хабарлайды Social Media.

Қазақстанда 6000 «күміс» волонтер бар. Бастамашыл топтардың саны 3 жарым мыңнан көп. 20 өңірде фронт-офис орналасқан. Қазіргі уақытта qazvolunteer.kz платформасы жұмыс істейді. Сол арқылы осы жылы 2800-ден астам өтініш қаралды.

Сондай-ақ волонтерлердің білімі мен дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Жазғы еріктілер мектебін 5 жылда 188 түлек бітірді. Ұлттық волонтерлік жаттықтырушы ретінде 133 адам жұмыс атқарады.

Мемлекет басшысының бастамасымен ТМД волонтерлері форумы құрылды. Бірінші форум 2026 жылы Астанада өтеді. Сонымен қатар БҰҰ тұрақты мақсаттарындағы Халықаралық волонтерлер жылын өткізу үшін Ұлттық ұйымдастыру комитеті құрылды.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер