Мәжілісте жаңа Салық кодекстін таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай өзгерістер болатынын атады, деп хабарлайды Social Media BAQ.KZ сайтына сілтеме жасай отырып.
Назарларыңызға салыққа қатысты ең маңызды өзгерістерді ұсынамыз.
Жаңа Салық кодексінің негізгі ұсыныстары:
ҚҚС (Қосылған құн салығы):
- Негізгі мөлшерлеме – 16%.
- Шегі – 40 млн теңге.
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітаптар, археология саласы – ҚҚС-тан босатылады.
- Дәрі-дәрмек пен ақылы медициналық қызметтер үшін ҚҚС 10% болады.
Корпоративтік табыс салығы (КТС):
- Негізгі мөлшерлеме – 20%.
- Банк және ойын секторы үшін – 25%.
- Қаржы лизингі мен әлеуметтік салада – 10%-ға дейін кезең-кезеңімен өседі.
- Ауыл шаруашылығы – 3%.
- Әлеуметтік сала – 2026 жылдан бастап 5%, 2027 жылдан бастап 10%.
- Өңдеу өнеркәсібі – 20%.
Салықтар мен төлемдерді оңтайландыру:
- Салықтар саны 12-ден 11-ге қысқарады.
- 2 төлем алынып тасталады, 3 төлем біріктіріледі.
- Алымдардың 6 түрі, мемлекеттік баждың 5 түрі қысқартылады.
- Салықтық жеңілдіктер қайта қаралады:
- 3,4 трлн теңге сомасындағы 453 норма жеңілдік деп танылды.
- 1,3 трлн теңге сомасындағы 128 жеңілдік алынып тасталмақ.
Сараланған салық жүйесі:
- Жоғары табысы бар азаматтарға – прогрессивті ЖТС:
- Жылдық табысы 8500 АЕК-тен асатындарға – 15% мөлшерлеме.
- Қымбат мүлік, көлік, яхта, ұшақ, алкоголь мен сигараға – «сән-салтанат» салығы мен акциздер.
- Энергетикалық сусындарға да акциз енгізіледі.
Арнаулы салық режимдері (АСР):
- АСР саны 7-ден 3-ке қысқарады:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған режим.
- Оңайлатылған декларация негізіндегі режим.
- Шаруа/фермер қожалықтарына арналған режим.
- Оңайлатылған режимнің:
- Кіріс лимиті – 600 мың АЕК.
- Мөлшерлеме – 4% (мәслихаттар 2%-ға дейін төмендете алады).
- Қызметкерлер санына шектеу жоқ.
- Тек B2C операцияларына рұқсат.
Инвесторлар үшін ынталандыру:
- Барлау, құрылыс, жабдыққа кеткен шығындарға – 100% шегерім.
- Рентабельділігі төмен кен орындарына – 5 жылға нөлдік салық.
- Салықтан үнемделген қаражат – инвестиция мен өңірлік дамуға бағытталады (дивидендке тыйым).
Салық әкімшілендіру:
- Салықтық жазалау азайтылады.
- Сервистік модель енгізіледі.
- Есептілік 30%-ға қысқарады.
- Камералық бақылау – ескерту сипатында болады.
- Кәсіпорынның салық жүктемесі төмен болса – тексеру жүргізілмейді.
Болжамды нәтиже:
- Жыл сайын 4-5 трлн теңге қосымша түсім.
- Ұлттық қорға тәуелділік азаяды.
- Қысқа мерзімде 2,5-3% инфляциялық әсер болуы мүмкін.
Еске сала кетейік, ақылы медициналық қызметтерге қанша салық салынатыны туралы осыған дейін жаздық.
“Сән-салтанат салығы” деп аталатын тауарлардың жекелеген санаттарына жоғары салық салу туралы да айтылды. ҚҚС мөлшері қанша болатыны да белгілі болды.
Ал үй жанындағы дүкендер салық төлемейтін болды.