Жұма, Қараша 21, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыҒабит Мүсірепов атындағы аудан әлеуметтік-экономикалық өсімді көрсетуде

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әлеуметтік-экономикалық өсімді көрсетуде

Ғабит Мүсірепов атындағы СҚО ауданының әкімі Руслан Анбаев брифинг барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары туралы айтты. Ол өсу бағыттарын атап көрсетіп, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен ауданның одан әрі дамуына негіз болатын жобаларды таныстырды, деп хабарлайды Social Media.

Биыл ауданның аграрлық секторы тұрақты жұмыс пен жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді: 678 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдары себіліп, дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы түсімі 1 млн тоннаны құрап, өнімділік 18,9 ц/га болды. Майлы дақылдардан 154 мың тонна өнім алынды, өнімділігі – 12,6 ц/га. Жақсы өнім алуға қолайлы ауа райы, мемлекеттік қолдау және технологиялардың сақталуы себеп болды. Соның ішінде минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі 36,5%-ға артып, 53,9 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар аудан шаруашылықтары техника паркін жаңартуды жалғастыруда: жыл басынан бері 4,1 млрд теңгеге 156 техника бірлігі сатып алынды.

«Ауданда 6 сүт-тауар фермасы жұмыс істейді, олардың төртеуі — заманауи. Биыл “Буденное-СК” ЖШС-нің 1200 басқа арналған сүт-тауар фермасында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Даниядан 500 асыл тұқымды төл әкелу жоспарлануда. Сондай-ақ “Нежинка-Ерке” ЖШС және “Колос” ШҚ екі фермасы әрқайсысы 600 басқа кеңейтіліп жатыр», — деді әкім.

Ауданда 2000-нан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5%-ға көп. Сонымен бірге жаңа жобалар да белсенді іске асырылуда.

«Новоишимское ауылында жарма және үлпек өндіретін зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Онда шикізатты сақтау, тазалау және кептіру жабдықтары орнатылады. Инвестиция көлемі – 3,2 млрд теңгеден асады, 24 тұрақты жұмыс орны ашылады. “Новоишимский мелькомбинат” ЖШС роботтандырылған құрамажем зауытының құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтады. Вагон жөндеу депосының құрылысы жалғасуда», – деді спикер.

Ауданда жол сапасын жақсарту жұмыстары да жүргізілуде, олардың жалпы ұзындығы – 891 км. Маңызды жобалардың бірі – А-16 «Петропавл – Жезқазған» автожолының орташа жөндеуі. Аудан аумағы шегінде 120 км-ден астам жол жаңартылды. Бұл мақсаттарға 11 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды. Су мәселесіне келсек, ауданның барлық ауылдары ауызсумен қамтамасыз етілген: 61 ауылдың 40-ында орталықтандырылған су жүйесі бар, 13 ауылда блок-модульдік кешендер орнатылған, 8 ауылда құдықтар пайдаланылады.

«2025 жылы ауданның білім беру саласына 10,8 млрд теңге қарастырылған. 3 білім нысанында жалпы құны 447 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді, 6 нысанда жалпы сомасы 159 млн теңгелік ағымдағы жөндеу жасалды. Материалдық-техникалық базаны нығайтуға 200 млн теңгеден астам қаржы бөлінді», — деді Руслан Анбаев.

Ауданда құрылыс саласы да дамып келеді: биыл 18,8 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланса, оның 13,8 мың шаршы метрден астамы пайдалануға берілді. Тұрғын үй қорының өсуімен қатар, медицина, мәдениет және спорт салалары да дамуда.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер