Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сагнаев жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Social Media.

Кездесу барысында өңірлік даму, халықты әлеуметтік қолдау және кәсіпкерлік белсенділікті арттыру шаралары жөніндегі мәселелер талқыланды. Ерлан Сагнаев Үкімет жүзеге асырып жатқан шағын және орта бизнесті қолдау құралдары туралы жан-жақты айтып берді – кредиттерді субсидиялау мен кепілдендіруден бастап, ауылдық жерлерде өмір сүру сапасын жақсарту және жұмыс орындарын ашуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды іске асыруға дейін.

2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша өңірде әлеуметтік-экономикалық дамудың оң динамикасы байқалады: Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік өндірісі 615,8 млрд теңгеге жетіп, ФКИ 116,5% құрады; ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі – 677,1 млрд теңге, ФКИ – 110,1%. Оның ішінде Қызылжар ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 29,7 млрд теңге, ФКИ – 103,4%; ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 63,1 млрд теңге, ФКИ – 105,6% болды. 2025 жылғы 1 қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі 110,4% деңгейінде тіркелді, Қызылжар ауданында бұл көрсеткіш 118,5% құрады. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары нәтижесін көрсетуде: 2025 жылғы 1 қарашада жалпы кредит сомасы 8,4 млрд теңгені құрайтын 96 жоба субсидияланды, оның ішінде Қызылжар ауданында 0,7 млрд теңге көлеміндегі 16 жоба бар, төленген субсидия көлемі – 0,5 млрд теңге. Кепілдендіру бағыты бойынша жалпы кредит көлемі 1,1 млрд теңге болатын 21 жоба қолдау тапты, оларға 0,39 млрд теңге көлемінде кепілдер берілді.
Сапар барысында вице-министр бірқатар әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандармен танысты. Солардың бірі – 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында іске қосылған Бескөл ауылындағы өздігінен қызмет көрсететін автожуу бекеті. Жобаға 5,5 млн теңге бөлінген.
Сонымен қатар, Ерлан Сагнаев 1990 жылы салынған Бескөл ауылындағы №2 орта мектепті аралап көрді. Білім беру мекемесі 2025 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша жүргізілген 107 млн теңгелік күрделі жөндеу нәтижесінде жаңартылды.
«Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аудан аумағында белсенді жүзеге асырылуда: 2024 жылы бір жобаға 458,5 млн теңге бөлінсе, 2025 жылы екі жаңа жобаға 300 млн теңге қарастырылған. «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 2025 жылы республикалық бюджетте 50 млрд теңге көзделсе, оның 1,5 млрд теңгесі Солтүстік Қазақстан облысына бағытталған.
Жергілікті тұрғындармен кездесуде Ерлан Сагнаев мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және бизнесті, сондай-ақ ауылдық елді мекендерді қолдаудың алдағы жоспарлары туралы қойылған өзекті сұрақтарға жауап берді. Сапар қорытындысында ол Министрліктің халық көтерген мәселелерді шешу үшін мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

