Сәрсенбі, Қазан 22, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыҚазақстанда ажырасулар саны азайып келеді

Қазақстанда ажырасулар саны азайып келеді

Қазіргі қазақстандық қоғамда моральдық және отбасылық құндылықтарды нығайту – Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі, деп хабарлайды Social Media.

2020 жылы елде «Қазақстандық отбасылар – 2020» атты алғашқы Ұлттық баяндама таныстырылды. Онда ажырасу себептері, отбасылардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, туу көрсеткіштері мен өзге де маңызды деректерге талдау жасалған.

2023 жылы әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды қорғауға бағытталған Әлеуметтік кодекс қабылданды. Бұл құжат аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіліп, ана мен баланы қорғау шаралары іске асырылуда.

Ел өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі – Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңның қабылдануы болды. Осы заң аясында Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстық жауапкершілікке тартылып, балаларға қатысты кез келген зорлық түрлері үшін жаза күшейтілді.

Аталған құжаттарды іске асыру мақсатында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар әзірленді. Отбасы институтын нығайту мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін арттыруды көздейтін нормалар енгізілді.

Осы мақсатта бұрыннан бар Отбасын қолдау орталықтарының (ОҚО) қызметі жаңғыртылды. Олар бірыңғай үлгі бойынша жұмыс істей бастады, ал олардың жалпы саны 33-тен 131-ге дейін, яғни төрт еседен астам артты.

Қазіргі таңда Мәдениет министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, орталықтар көрсететін барлық әлеуметтік қызметтерді автоматтандыру және цифрландыру жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп келеді.

2025–2027 жылдарға арналған Отбасы мен неке институтын сақтау және нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспары қабылданды. Ол ажырасудың алдын алуға және жастардың саналы түрде отбасылық өмірге дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша соңғы бес жылда елде ажырасулар саны 16 пайызға азайған. Егер 2020 жылы бұл көрсеткіш 48,2 мың болса, 2024 жылы 40,5 мыңға дейін төмендеген.

2024 жылы Шымкент пен Астанада некеге тіркелуге өтініш берген азаматтарға арналған тегін неке алдындағы кеңес беру және оқыту жобасы іске қосылып, сәтті сынақтан өтті.

Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігі «Отбасылық және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру жөніндегі кешенді шаралар» атты гранттық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның маңызды бастамаларының бірі – Ата-аналар академиясының іске қосылуы. Бұл онлайн курстар мен түсіндіру кездесулері арқылы ата-аналарға бала тәрбиесіне қатысты өзекті тақырыптар бойынша көмек көрсетуді көздейді. Жақын уақытта Ata-ana.kz онлайн платформасын іске қосу жоспарланып отыр.

Отбасы институтын және рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл сайын ұлттық деңгейдегі «Мерейлі отбасы» байқауын өткізеді. 11 жыл ішінде байқауға еліміздің барлық өңірінен 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

Сонымен қатар, 2023 жылы елде жаңа мерекелер бекітілді: Аналар күні (мамырдың екінші жексенбісі), Әкелер күні (маусымның үшінші жексенбісі). Сондай-ақ, қыркүйектің екінші жексенбісінде Қазақстанда Отбасы күні атап өтіледі.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер