Петропавлдағы қалалық ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері проблемалық отбасылар бойынша рейд жүргізді, деп хабарлайды Social Media СҚО полиция Департаментінің ақпараты бойынша.
Петропавлда есепте тұрған отбасыларды ювеналды полицейлер тексерді. Оларға қамқоршылық және қорғаншылық органдарының, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның және прокуратураның өкілдері еріп жүрді. Басты назарда бұрын балалар құқықтарының бұзылуы тіркелген мекен-жайлар болды.
Тәртіп сақшылары бір кеште 12 отбасын тексерді. Жалпы, олардағы жағдай қалыпты болды, полицияда есепте тұрған ата-аналар сабақты ескерді. 17 жастағы жасөспірімнің кеш серуендеуінің бір фактісі анықталды. Өз үйі жоқ сәбилері бар бір әйел Ана мен бала үйіне орналастырылды.
Өкінішке қарай, бір мекенжайда рейдке қатысушылар көңілсіз көріністің куәсі болды. Мас ананың антисанитарлық жағдайда 11 жастан 2 жасқа дейінгі бес қызы болған. Үлкен балалардың денсаулығы нашар, бірақ үйде дәрі-дәрмек жоқ. Полицейлер оларды көпсалалы облыстық балалар ауруханасына орналастырды.
Бұған дейін бұл әйел кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған, бірақ алкогольге тәуелділік қалдырмаған. Материалдар сотта шешім қабылдау үшін қорғаншылық органдарына жіберілді.
Ата-ана құқығынан айыру – кәмелетке толмағандардың құқықтары қасақана бұзылған жағдайда немесе балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларда мемлекеттік органдар қабылдайтын соңғы шара. Өткен жылы Петропавлда, негізінен, ішімдікті үнемі теріс пайдаланғаны үшін 26 адам ата-ана құқығынан айырылды, 17 адам ата-ана құқығына шектеу қойылған.