Дүйсенбі, Сәуір 28, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтары90 мыңға жуық солтүстікқазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

90 мыңға жуық солтүстікқазақстандық МӘМС жүйесінде сақтандырылмаған

Солтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны артуда. Өңір халқының 83,2%-ы осы тетіктің артықшылықтарын сезінді. Алайда 90 мыңға жуық солтүстікқазақстандық әлі де сақтандырылмаған, деп хабарлайды Social Media.

Еліміздің барлық азаматтары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етілген, бірақ ол қызметтердің шағын тізбесін қамтиды. Олар негізінен шұғыл жағдайларға қатысты. Сақтандырылған азаматтар медициналық қызметтердің кең тізбесіне қосымша шығындарсыз қол жеткізеді. МӘМС аясында халық профилактикалық медициналық тексеруден, оңалтудан өтіп, бейінді мамандардың қабылдауына және кеңесіне жазыла алады, зертханалық диагностика жасай алады. Айта кетейік, тұрғындарға қымбат оталар мен ЭКҰ тегін жасалады.

“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында қант диабеті, глаукома, гепатит ауруларын анықтау мақсатында алдын ала скринингтер өткізіледі. Мұндай тексерулер 2 жылда 2 рет жүргізілетін болады. Сонымен қатар, биыл онкологиялық ауруларды анықтау үшін профилактикалық тексерулер көбейіп, барлық санаттағы науқастар тексеруден өтеді. Ағымдағы жылы тегін кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде диспансерлік есепте тұрған адамдарды емдеу басым болып табылады. Мұндай есепте облыс орталығының 88 мыңнан астам тұрғыны тіркелген”, – деп хабарлады “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” СҚОФ директорының орынбасары Талғатбек Тілеубердин.

МӘМС жүйесінің қатысушысы болу үшін өткен 12 айға немесе алдағы 12 айға төлемдердің болуы қажет, ал мәртебені сақтау үшін кейіннен жарналарды тұрақты төлеу қажет. Сома төлеушінің санатынан түрленеді. Мысалы, жұмыс беруші қызметкердің жалақысының 3% -ын, жалдамалы қызметкерлер мен МЖӘ бойынша тұлғалар табысының 2% -ын төлеуі тиіс, жеке кәсіпкерлер, ШҚ иелері 1,4 АЕК-тен 5%-ын – 5950 теңге, одан да аз – 4250 теңгені дербес төлеушілер төлейді.

Мемлекет жарналар жасайтын азаматтардың санаттары бар. Оларға балалар, мүгедектiгi бар адамдар, зейнетақы алушылар, әскери қызметшiлер және басқалар жатады. Өз мәртебеңізді әртүрлі тәсілдермен тексеруге болады. Мысалы, Қордың сайты арқылы, Goldau 24/7, Damumed және басқа мобильді қосымшалар арқылы.

Солтүстік Қазақстан облысы халқының жалпы саны шамамен 532 мың адамды құрайды. МӘМС жүйесінде 442,6 мыңнан астам солтүстікқазақстандық сақтандырылған.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер