Сейсенбі, Қараша 18, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыАқмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 мыңнан астам адам тегін медико-құқықтық көмек...

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 мыңнан астам адам тегін медико-құқықтық көмек алды

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы биыл екі өңірдің тұрғындарына 7 278 медициналық және 423 құқықтық әрі медиативтік қызмет көрсетті. Көмек алғандардың жартысынан көбі – әйелдер: 3 809 әйел дәрігерлердің қабылдауынан өтсе, 173-і заңгерлер мен медиаторлардың көмегіне жүгінді, деп хабарлайды Social Media.

Жоба ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия, Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры және Денсаулық сақтау министрлігінің серіктестігімен жүзеге асуда.

Жоба медиаторлары мен заңгерлері отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек рәсімдеуге, «Всеобуч» бағдарламасы бойынша қаржыландыру алуға, ұлттық медициналық орталықтарда емделуге арналған квоталар дайындауға жәрдемдесті. Пойыз заңгерлерінің бастамасымен онкологиялық науқастарды жеңілдікпен берілетін дәрілермен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп, ресми хаттар жолданғаннан кейін пациенттер қажетті препараттарын алды.

«Заңгерлер мен медиаторлардың жұмысы ауыл тұрғындарының мемлекет қолдауын шынайы сезінуіне мүмкіндік береді. Көп жағдайда адамдар өз құқықтары жөнінде толық ақпаратты білмейді, сондықтан біздің мамандардың міндеті – оларға бағыт-бағдар беру», — деді Ұлттық комиссия мүшесі, Samruk-Kazyna Trust қорының бас директоры Альфия Адиева.

Медициналық мамандардың ішінде ең сұранысқа ие болғандары – офтальмолог, УДЗ дәрігері, терапевт және акушер-гинеколог.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер