Сәрсенбі, Қазан 23, 2024

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыБиыл Петропавлда кешенді абаттандырумен 30 аула қамтылды

Биыл Петропавлда кешенді абаттандырумен 30 аула қамтылды

Биыл Петропавлдың аулалық аумақтарын абаттандыру кешенді түрде жүргізілді. Жобалау кезінде балалар мен ересектердің мүдделері ескерілді, көпфункционалды ойын алаңдары мен демалыс орындары бар біртұтас орта жасалды, деп хабарлайды Social Media.

Бұл жұмыстың нәтижесімен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Хименко көшесіндегі ауланы аралау барысында танысты. Аулаға асфальт төселді, автотұрақ пен жарықтандыру орнатылды, футбол және баскетбол алаңы, балалар ойын алаңқайы бар. Бұған дейін мұның барлығы бөлек жасалып келді, қазір ауланы абаттандыру «кілтке» тапсыру тәртібімен кешенді түрде жүргізіледі.

Жалпы, биыл қалада 30 ауладан тұратын 9 квартал кешенді абаттандырумен қамтылды. Сондай-ақ, «Бірлік» ықшам ауданында 3 балалар және спорт алаңы, Жұмысшылар кентінде тағы бір кешен орнатылды. Облыс орталығындағы 596 ауланың 254-і жаңартуды қажет етеді.

«Тапсырма қойылды, қаражат қарастырылған. 5 жылда олардың барлығын қалпына келтіріп, тұрғындарға жайлы мекен жасаймыз», – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер