Бейсенбі, Сәуір 24, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтары«Егер біз болмасақ, елді кім көтереді?» – «Raduga KDR» ЖШС шебері Владислав...

«Егер біз болмасақ, елді кім көтереді?» – «Raduga KDR» ЖШС шебері Владислав Самуткин

«Raduga KDR» ЖШС пластик қалдықтарды қайта өңдеумен айналысады. Бұл істе Владислав Самуткиннің еңбегі зор. Ол осы кәсіпорында 12 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Мұнда пленка, бөтелке сынды материалдарға екінші өмір сыйланады. Мұнымен қоса, бұл кәсіпорында Владиславтың бауырлары да жұмыс істеп келеді, деп хабарлайды Social Media.

Владислав үшін өндіріс – жай ғана жұмыс емес, өмірінің бір бөлігі. Ол «Raduga KDR» ЖШС-інде бауырлары Ростислав пен Вячеславпен бірге еңбек етеді. Арнайы оқу орталығында білім алған ағалары өндірісте сенімді тірекке айналған. Бүгінде Самуткиндер әулеті – жай ғана қызметкерлер емес, ортақ мақсат пен отбасылық құндылықтарды ту еткен нағыз команда.

«Біздің компанияны еліміздегі ең үздіктердің бірі деуге толық негіз бар. Біз бір орында тұрмай, үнемі дамып отырамыз. Компанияда жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Тек еңбек ету керек. Жастар жұмысшы мамандықтарынан қорықпауы тиіс. Егер біз осындай өндірістерде жұмыс істемесек, онда елімізді кім көтереді?», – дейді Владислав.

«Raduga KDR» ЖШС – Қазақстан нарығында ұзақ жылдар бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан компания. Оның негізгі бағыттарының бірі – қайталама шикізатты кәдеге жарату. Заманауи технологиялар мен білікті қызметкерлердің арқасында пластик бөтелкелер, полиэтилен пакеттер және қағаз сияқты қалдықтар қайта өңделіп, жаңа өнімге айналады. Бұл қоқыс көлемін азайтумен қатар, табиғи ресурстарды үнемдеуге және өндірісті экологиялық таза етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2025 жыл Мемлекет басшысының бастамасымен Жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Бұл шешім Владислав Самуткин еңбегінің бағалануының бір көрінісі. Өйткені ол еңбек адамдарының күшімен ғана қуатты, экологиялық таза әрі өркендеген мемлекет құруға болатынына кәміл сенеді. Владислав жас буын үшін еңбекқорлық пен өз ісіне берілгендіктің нағыз үлгісі. Ол жұмысшы мамандығын таңдау – амалсыздықтан емес, керісінше үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін саналы таңдау.

«Қарапайым еңбек адамдарына назар аударғаны үшін Президентке алғысым шексіз. Бұл біз үшін аса маңызды. Біздің бар екенімізді, біздің пікірімізді ескеретінін сезіну – қуанышты жағдай. Өйткені біз өндірістің тірегіміз және бұл біз үшін зор мақтаныш», – дейді ол.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер