Бейсенбі, Ақпан 27, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыЭкологиялық кластер 500 солтүстікқазақстандықты жұмыспен қамтымақ

Экологиялық кластер 500 солтүстікқазақстандықты жұмыспен қамтымақ

СҚО әкімдігінде өткен отырыста Мемлекет басшысының жаңа бастамасы аясында ТехноЭкоПарк жобасын жүзеге асыру талқыланды. Бұл инновациялық жоба екінші реттік шикізатты қайта өңдеу кластерін құруды көздейді, оның ішінде қоқыс өңдейтін зауыттың құрылысы да бар. Жоба тек қалдықтарды айтарлықтай азайтып қана қоймай, аймақта экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Social Media.

«Радуга» ЖШС директорының орынбасары Даурен Катрановтың айтуынша, қоқыс өңдейтін зауыт пен полигон бір жерге орналасады. Ол Мамлютка тас жолының бойында, Якорь ауылына апаратын жол қиылысында орналасады. Қазір жер учаскесі бөлініп, зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау-сметалық құжаттаманы 6 ай ішінде аяқтау жоспарлануда.

ТехноЭкоПарк 4 бағытты қамтиды:

– Қоқыс өңдейтін зауыт
– Қағаз өнімдері фабрикасы
– Картон өнімдері фабрикасы
– Металлопластикалық зауыт

Осы өндірістердің екеуі «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында орналасады. Жобаның жалпы құны 49 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 43 млрд.теңгесі компанияның қаржысы. 500 жаңа жұмыс орны ашылып, компанияның қызметкерлер саны 2400 адамға дейін жетпек.

Облыс әкімі инвестжобаның маңыздылығын атап өтті. Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов аудандар және қала әкімдеріне қоқыс қалдықтарын бөлек жинау, сұрыптау және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту үшін кәсіпкерлерді тартуды, сондай-ақ барлық рұқсатсыз қоқыс төгілетін жерлерді жоюды және абаттандыруды тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер