Жұма, Маусым 20, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыЕліміздің денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысына келді

Еліміздің денсаулық сақтау Бірінші вице-министрі Солтүстік Қазақстан облысына келді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Сапардың мақсаты – өңірлік медицинаның жай-күйін бағалау және осы саладағы басым іс-шаралар мен жобаларды іске асыру мониторингі, деп хабарлайды Social Media.

Сапар барысында бірінші вице-министр «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» ШЖҚ МКК қызметімен, оның ішінде реанимация және оңалту бөлімшелерімен танысты. Онкологиялық ауруларды емдеуге арналған өңірдегі алғашқы инновациялық желілік жеделдеткіш пайдалануға берілген онкологиялық орталықты тексеруге ерекше назар аударылды.

Бұл жоба «Қазақстан халқына» қорының қаржылық қолдауымен іске асырылды және жоғары технологиялық медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар, бірқатар аудандарда денсаулық сақтаудың бастапқы буынының нысандары қаралды. Ғимараттардың техникалық жай-күйіне, кадрлық қамтамасыз ету мен материалдық-техникалық базаға талдау жүргізілді. Сапар барысында инфрақұрылымды одан әрі жетілдіру және халыққа, әсіресе ауылдық жерлерде медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттігі атап өтілді.

Қызылжар ауданының Бескөл ауылында Тимур Сұлтанғазиев тұрғындармен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдады. Көбісі осы мүмкіндікті пайдаланып, бірінші вице-министрге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ Тимур Сұлтанғазиевтің қатысуымен брифинг өтті. Оның барысында ол ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын іске асыру жалғасатынын атап өтті.

“Солтүстік Қазақстан облысы бойынша 46 жоба аяқталды. Қазір олардың бірқатары бойынша пайдалануға беру үдерісі жүріп жатыр. Сондай-ақ, ұлттық жоба аясында Тайынша ауданаралық көпсалалы ауруханасында жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді және медициналық көмекті қолжетімді ету үшін жоғары технологиялық медициналық техниканы жеткізу күтілуде”, – деп атап өтті бірінші вице-министр.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысының 55 мыңға жуық тұрғыны сапалы медициналық көмекке қол жеткізеді. Тимур Сұлтанғазиев дәрігерлердің тапшылығына да түсініктеме берді.

“Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер мен медбикелердің жетіспеушілігі бар. Өткен жылы ерекше тапшы мамандықтар бойынша ауылдық елді мекендерге 8,5 миллион теңге көтерме жәрдемақы бөлінеді деген шешім қабылданды. СҚО-да осы жылы 3 маманға тиісті қаржы бөлінді”, – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.

Сондай-ақ, назар аударылған бағыттардың бірі қашықтықтан медициналық көмек көрсетудің заманауи форматы – телемедицина болды. Солтүстік Қазақстан облысында «Телемедициналық экожүйені» енгізу бойынша пилоттық жоба табысты іске асырылуда. Осы жаңашылдықтың арқасында шалғай ауылдардың тұрғындары өздерінің елді мекендерінен шықпай-ақ мамандардың кеңесін алу мүмкіндігіне ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер