Сенбі, Тамыз 23, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыМақсат – сенімді жылумен қамту: «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің 2025 жылға арналған...

Мақсат – сенімді жылумен қамту: «Петропавл жылу желілері» ЖШС-нің 2025 жылға арналған инвестбағдарламасы қалай жүзеге асырылуда

«Петропавл жылу желілері» ЖШС мен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарлама жобаларының орындалуына арналған баспасөз турын өткізді. Іс-шараға БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, депутаттар мен тұтынушылар қатысты, деп хабарлайды Social Media.

Инвестициялық бағдарлама желілер мен жабдықтарды жаңартуға, негізгі құралдардың тозуын азайтуға және тұтынушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған. 2025 жылға арналған инвестициялық бағдарламаға жалпы 908 млн теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Соның ішінде Ружейников көшесіндегі №6 жылу магистралі қайта жаңғыртылады. Сондай-ақ, №9 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасы үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, кешенді ведомствоаралық сараптамадан өтеді.

№6 жылу магистралін «Энергострой құрылыс басқармасы» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаны іске асыру мерзімі 2024–2026 жылдар. Қайта жөнделетін учаскенің жалпы ұзындығы – 1,7 км. 2024 жылы 685 метр, 2025 жылы 890 метр құбыр желісі жаңартылады (Гоголь көшесінен Халтурин көшесіне дейінгі аралық). Жөндеу жұмыстары 2025 жылдың 1 мамырында басталды және жылыту маусымы басталғанға дейін аяқталуы тиіс.

2025 жылы №9 жылу магистралі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді және сараптамадан өтеді. Оның ұзындығы – 1,35 км, диаметрі – 400 мм. Құбыр учаскесі басқа коммуникациялармен қатар орналасқандықтан, тозу деңгейі жоғары және технологиялық ақаулар қаупі бар. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026–2027 жылдары жоспарланған.

Сонымен қатар, «№3 жылу магистралі құрылысы» және «№8 жылу магистралі құрылысы» жобалары бойынша жобалық жұмыстар атқарылып, сараптама жүргізіледі. Бұл жылу желілері 1979 жылы пайдалануға берілген, тозу деңгейі 80%-дан асады.

«Петропавл жылу желілері» ЖШС бас директорының м.а. Виталий Холошаның айтуынша, 2025 жылдың соңына дейін кәсіпорынның инвестициялық бағдарламасы 100% орындалады. Нәтижесінде негізгі құралдардың тозу деңгейі 79%-дан 83,27%-ға дейін төмендейді, ал нормативтік шығындар 18,2%-дан 18%-ға дейін қысқарады.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер