Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі қаулысымен Кенесов Нұрлан Маратұлы СҚО әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Social Media.
Нұрлан Кенесов – «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Әр жылдары ол Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті басқармасының басшысы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кеңесшісі, Тимирязев ауданының әкімі, ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің, сондай-ақ Көлік министрлігінің департамент директорлары қызметтерін атқарған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Нұрлан Кенесов ҚР Президенті Әкімшілігінің Өңірлік даму мониторингі бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.
Жаңа лауазымында ол құрылыс, сәулет-құрылыс бақылауы мен лицензиялау, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары саласына жауапты болады.