Бейсенбі, Желтоқсан 26, 2024

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыОмбы облысының делегациясы СҚО-ға келді

Омбы облысының делегациясы СҚО-ға келді

Бүгін Омбы облысының губернаторы Виталий Павлович Хоценко бастаған ресми делегация біздің облысқа сапармен келді. СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Омбы облысының губернаторы Виталий Хоценконың қатысуымен өткен екі жақты кездесу барысында өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту сұрақтары талқыланып, ұсыныстар айтылды. Келесі жылы екі өңірдің инвестициялық әлеуетін өзара таныстыру шарасын өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды Social Media.

Облыстар арасындағы жыл санап өзара сауда көлемі өсіп келеді. Соңғы үш жылда СҚО-ның Ресеймен тауар айналымы 1,5 есе өсіп, 624 млн. долларға жетті. Екі өңір арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті зор және оны барлық бағыттарда дамыту жоспарлануда.  

Шекаралас облыстардағы кәсіпкерлік байланыстарды нығайту мақсатында «Qyzyljar» АЭА мен «ДиборЭкспорт» ЖШҚ арасында, Инвесторларға қызмет көрсету орталығы мен «ЗМК МОСТ» ЖШҚ арасында меморандумдарға қол қойылды. Оның аясында  «Qyzyljar» аумағында «Ауыл шаруашылығы техникасын жинау» жобасын және «Ірі инфрақұрылымдық құрылыстар салу үшін металл конструкцияларын өндіру» жобасы іске асады.

Кездесуден кейін Ғауез Нұрмұхамбетов пен Виталий Хоценко Абай және Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Ассамблеяның этно-мәдени бірлестіктерінің өкілдерімен жүздесті. Сондай-ақ, сапар барысында Омбы облысының делегациясы өңірдегі өндірістік, білім, спорт және мәдени нысандарды аралап, олардың жұмысымен танысты.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер