Сейсенбі, Мамыр 6, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПетропавл электротехникалық зауыты трансформаторлар өндірісін ұлғайтуды жалғастыруда

Петропавл электротехникалық зауыты трансформаторлар өндірісін ұлғайтуды жалғастыруда

Солтүстік Қазақстан облысындағы өндірістік әлеуеті жоғары кәсіпорындардың бірі – Петропавл электротехникалық зауыты өз қызметін белсенді түрде дамытып келеді. Зауыт 6-10 кВ кернеулі ТМГ типті күштік трансформаторлар шығарады және «Alageum Electric» компаниялар тобының құрамына енеді. Бұл – электротехникалық жабдық өндіретін Қазақстандағы жетекші компаниялардың бірі, деп хабарлайды Social Media.

2024 жылы кәсіпорын өндіріс көлемін 30 пайызға арттырды. Бұл көрсеткіш мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың нәтижесі. Атап айтқанда, технологиялық процестерді жаңғыртуға жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу зауыттың өндіріс қуатын еселеп, еңбек өнімділігін арттыруға жол ашты. Сонымен қатар, жаңа жұмыс орындары құрылып, зауыттағы кадрлық әлеует те нығайды.

Бүгінде зауыт қуаты 25-тен 2500 кВА-ға дейінгі трансформаторлар шығарады. Өндірістік желілер жылына 12 мың дана өнім шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта шамамен 300 маман еңбек етеді – бұл өңірдегі тұрақты жұмыспен қамтудың маңызды көздерінің бірі.

Шығарылатын өнімнің негізгі бөлігі ТМД елдеріне экспортталады, бұл кәсіпорынның халықаралық деңгейде сұранысқа ие екенін көрсетеді. 2025 жылдың алғашқы айларында зауыт 2000 дана трансформатор өндіріп үлгерді. Алдағы айларда бұл көрсеткіш еселене түспек: жыл соңына дейін 8 мың дана трансформатор шығару жоспарланып отыр. Жалпы өнім көлемі 14,5 миллиард теңгеге жетуі тиіс.

Өңірдегі электротехникалық өндірістің өсімі мен экспорттық әлеуетінің артуы – мемлекеттік индустриалдық саясаттың нақты жемісі. Кәсіпкерлік басқармасы ұсынған деректер де осы серпінді дамудың негізін құрап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер