Сәрсенбі, Шілде 23, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПетропавл тұрғындарына жылыту маусымына дайындық аясында жүйелерді опрессовкадан өткізу міндетті екені ескертілді

Петропавл тұрғындарына жылыту маусымына дайындық аясында жүйелерді опрессовкадан өткізу міндетті екені ескертілді

Петропавл қаласында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қала әкімдігінің бастамасымен көпқабатты тұрғын үйлердің барлығында жылу және ыстық су жүйелерін шаю мен опрессовкадан өткізу міндетті түрде жүргізілуде. Бұл жұмыс тек қағаз жүзіндегі міндет емес, нақты нәтиже беретін қажетті шара, деп хабарлайды Social Media.

Сала мамандарының айтуынша, жыл сайын қайталанатын бұл процесс жүйедегі әлсіз тұстарды, тозған құбырларды және жасырын ақауларды ерте анықтап, апатты жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Қыстың қақаған суығында жылусыз қалмау үшін әр үй иесі мен басқарушы ұйым осы кезеңде белсенді әрекет етуі тиіс. Қалада орталықтандырылған жылуға қосылған 1184 тұрғын үй бар, олардың барлығы инженерлік жүйелерді кешенді тексерістен өткізуге міндетті. Бұл шаю, қысыммен сынау, құбырларды тазарту және түйіндерді бақылауды қамтиды.

Қазіргі уақытта күн сайын бес тұрғын үйде арнайы мамандар жүйені қысыммен сынап, дайындықтың сапалы болуын қамтамасыз етіп жатыр. Жауапкершілік басқарушы компаниялар мен үй комитеттерінің төрағаларында. Олар қызмет көрсететін ұйымдармен тығыз жұмыс істеп, тиісті шараларды дер кезінде қолға алуы қажет. Кейбір үйлерде мұндай жұмыс жолға қойылған. Мысалы, «СКО Лесная 3а» үйінің ОСИ төрайымы Ольга Коновалованың айтуынша, олар жыл сайын опрессовка жүргізіп, үйдің барлық жүйесін тексереді. Биылдың өзінде екі пәтерде құбырлардан су ағып тұрғаны ерте анықталып, дер кезінде жөнделді.

Оның пікірінше, мұндай жұмыс – тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды. Ең бастысы, қыс басталғанда жертөледе апатты жөндеумен емес, жылы әрі сенімді үйде болуға мүмкіндік береді. Тұрғындардың өзі де бұл іске түсіністікпен қарап, белсенді қатысады. Олар батареялардың жай-күйін тексеріп, қандай да бір ақау байқалса, бірден хабар береді. Бұл мәдениет қалыптасып, басқа үйлерге де үлгі болуы тиіс.

Қала билігі мен тұрғындар бірлесіп атқарып жатқан бұл жұмыс бір ғана мақсатқа бағытталған – қыста пәтерлерде жылу тұрақты болып, тұрғындар еш алаңсыз өмір сүре алатындай жағдай жасау. Осыған орай, әрбір үй, әрбір басқарушы ұйым бұл маусымдық шараларға салғырт қарамай, жылу жүйесін сапалы дайындауы қажет. Қыстың қамын жазда жасау – қауіпсіздік пен жайлылық кепілі.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер