Сәрсенбі, Қаңтар 29, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПетропавлдағы ЖЭО-2-де жергілікті апат болды

Петропавлдағы ЖЭО-2-де жергілікті апат болды

15 қаңтар күні сағат 6:32-де Петропавл ЖЭО-2-де деаэратор ауданында қоректік су жүйесі жергілікті зақымданған. Қалыптасқан жағдайда станцияны басқарудың автоматты жүйесі штаттық режимде іске қосылып, негізгі жабдықтың қауіпсіз ажыратылуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Social Media.

Автоматтандырудың тиімді жұмысының және қызметкерлердің кәсібилігінің арқасында ықтимал асқынулардың алдын алынды, ал оқыс оқиғаның салдары барынша азайтылды.

Қазіргі уақытта станция мамандары зақымдануды жедел түрде оқшаулап, жүйені қалпына келтіру жұмыстарын жалғастыруда. Бұл шаралар түйінді технологиялық процестердің жұмыс істеу тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік берді. Станцияның жеке қажеттіліктері, сондай-ақ жылу тасымалдағыштың айналымы бұзылмаған. Қаланы жылумен жабдықтау тұтастай алғанда штаттық режимде жүзеге асырылуда, алайда тұрғындар ұсынылатын қызмет сапасына елеулі әсер етпейтін жылу жеткізгіші параметрлерінің қысқа мерзімді және шамалы ауытқуларын байқауы мүмкін. Стансаның жұмысы сол күні сағат 17:00 дейін толық қалпына келтіріледі деп жоспарлануда.

Айта кетейік, Петропавл ЖЭО-2 ағымдағы жылыту маусымына жоғары дайындық деңгейімен келді. 2023-2024 жылдары станцияда ауқымды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Олардың ішінде алты қазандық агрегатын және екі турбоагрегатты күрделі жөндеу, жеті қазандық агрегатын және алты турбоагрегатты ағымдағы жөндеу, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды жөндеу жұмыстары бар. Сонымен қатар, №1 түтін құбырының құрылысы сәтті аяқталды. Маңызды жобалардың бірі №1 турбоагрегатты қайта құру болды, бұл станцияның жылу қуатын 40 Гкал-дан астам арттыруға мүмкіндік береді. Бұл іс-шаралар станса жұмысының сенімділігін қамтамасыз етуге және қыс мезгілінде қала тұрғындары үшін қолайлы жағдайларды сақтауға бағытталған.

Петропавл ЖЭО-2 болған оқиға жүйелі профилактикалық және жөндеу іс-шараларының, сондай-ақ заманауи технологиялар мен автоматтандырылған басқару жүйелерін енгізудің маңыздылығын тағы да көрсетті. Жүйенi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстар жалғасуда және барлық күш-жiгер стансаның толық көлемде жұмыс iстеуiн жалғастыру үшiн процестi тезiрек аяқтауға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер