Жексенбі, Қазан 5, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПетропавлда «Есіл-Антитеррор 2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары аяқталды

Петропавлда «Есіл-Антитеррор 2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары аяқталды

2025 жылғы 30 қыркүйекте Петропавл қаласы аумағында жоспарлы «Есіл-Антитеррор 2025» жедел-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды Social Media.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері, жедел ден қою қызметтері және арнайы техника тартылды. Облыстық терроризмге қарсы жедел штабтың қызметтері қала аумағында террористік қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен азаматтарды қорғау шараларын орындады.

Оқу-жаттығулар жоспарға сәйкес өтті, барлық қойылған міндеттер толық көлемде орындалды. Қазіргі уақытта шектеу шаралары алынып тасталды, көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы толықтай қалпына келтірілді. Жедел штаб қала тұрғындары мен қонақтарына түсіністік танытып, қолдау көрсеткені және қауіпсіздік шараларын сақтағаны үшін алғыс білдіреді. Алдағы уақытта да тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және тексерілмеген деректерді таратпауға шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер