22 желтоқсанға қараған түні Петропавл қаласы ЖП «102» жедел арнасына белгісіз адамның Н.Назарбаев көшесіндегі дәріханалардың бірінде төбелес жасап, витринаны сындырғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Social Media СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу барды. Олар 34 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Медициналық куәландыру алкогольдік мас күйін көрсетті.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 147-1-бабы «Бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша материал жиналды.
Бұл әрекет үшін заңнамада 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлдан бастап 5 тәуліктен 20 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алуға дейінгі жаза көзделген.
Іс материалдары тиісті шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына берілді.
Полицейлер полицияға уақытылы жүгіну оқиғаларға жедел ден қоюға ықпал ететінін еске салады, бұл «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды шарты болып табылады.