Жексенбі, Наурыз 16, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПетропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

2025 жылғы 17 наурыз күні сағат 17:00-де Петропавл қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді. Оқу іс-шарасы «Жас Өркен» ықшам ауданында, №1 қалалық емхана маңында (Порфирьев көшесі, 55) ұйымдастырылады, деп хабарлайды Social Media.

Бұл оқу-жаттығу терроризмнің алдын алу, арнайы қызметтердің іс-қимылдарын жетілдіру және төтенше жағдайларда тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Оқу-жаттығу барысында Порфирьев, Әуезов, Крылов, Парковая көшелерінде жол қозғалысы шектеледі. Осыған байланысты тұрғындардан алдын ала бағыттарын жоспарлап, уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз.

Терроризмге қарсы оқу-жаттығу кезінде:

  • Қауіпсіздік шараларын сақтаңыз
  • Мемлекеттік органдардың жұмылдырылған қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаңыз
  • Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз
  • Жалған ақпараттың таралуына жол бермеңіз

Бұл іс-шараның басты мақсаты – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар кезінде үйлесімді әрекет етуге дайын болу.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер