Жұма, Маусым 13, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПетропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды

Петропавлда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар аяқталды

12 маусым күні Петропавл қаласының аумағында жоспарлы «Әуежай-Антитеррор-2025» терроризмге қарсы оқу-жаттығулары өтті. Іс-шараға құқық қорғау органдарының арнайы бөлімшелері мен арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды Social Media.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб «Қызылжар халықаралық әуежайы» ЖШС аумағында лаңкестік қатер туындаған жағдайда өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтады. Жаттығулар штаттық режимде өтті, қойылған барлық міндеттер толық көлемде орындалды. Қазіргі уақытта шектеу шаралары алынып тасталды, жол қозғалысы толық қалпына келтірілді.

Жедел штаб оқу-жаттығу кезінде түсіністік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтаған қала тұрғындары мен қонақтарына алғыс білдіреді. Алдағы уақытта да тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырамыз.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер