Петропавл қ. полиция басқармасының қызметкерлері қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында көңіл көтеру орындарында кешкі рейд өткізді, деп хабарлайды Social Media.
Рейдтік топтар қаланың орталығындағы бірқатар ірі көңіл көтеру орындарын тексерді. Басты назарда – қорқор шегу фактілері.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде барлық бағыттар бойынша жұмыстар жандандырылды. Тәжірибе көрсеткендей, ұсақ бұзақылықтарға мүлдем төзбеушілік қана салдары ауыр қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды уақытылы ескертуге мүмкіндік береді, – дейді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов.
Рейдің тек алғашқы екі сағаты ішінде ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабының 1-бөлігін (ҚР заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу) бұзғаны үшін 4 адам жауапкершілікке тартылды, 3 қорқор тәркіленіп алынды. Аталған баптың санкциясы жеке тұлғаларға 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуды көздейді.
Аталған бағыттағы кенеттен өткізілетін рейдтік іс-шаралар жалғасады.