Бейсенбі, Қыркүйек 11, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыПрезиденттің Жолдауындағы көлік жүйесін дамыту және Солтүстік Қазақстан облысы үшін жаңа перспективалар

Президенттің Жолдауындағы көлік жүйесін дамыту және Солтүстік Қазақстан облысы үшін жаңа перспективалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында көлік-логистика саласын дамытудың басым бағыттарын айқындады, деп хабарлайды Social Media.

Президент атап өткендей, еліміз үшін – маңызды халықаралық жолдардың торабында орналасқандықтан – басты міндет әлемдік тасымалдар мен қызметтер картасында өз орнын нығайту. «Біздің стратегиялық мақсатымыз – жетекші авиациялық хабқа айналу», – деді Мемлекет басшысы.

Президент барлық көлік жүйесінің элементтері өзара байланыста, тиімді жұмыс істеп, жаңа инвестицияларды тарту арқылы экономикалық қайтарым әкелуі тиіс екенін айтты. Бұл бағытта ауқымды жұмыс жүргізілуде: теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр, автожол магистральдары салынып, жөнделуде, жолаушылар үшін жаңа бағыттар ашылуда.

Азаматтардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. «Көптеген азаматтар вагондардың жағдайына наразылық білдіруде. Бұл мәселені шешудегі маңызды қадам – Астанада вагон жасау зауытының іске қосылуы болды. Шетелдік инвестордың қатысуымен заманауи, халықаралық стандарттарға сай жабдықталған жолаушылар вагондары шығарылады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы соңғы жылдары авиация инфрақұрылымының да жаңарып жатқанын еске салды. Тек өткен жылдың өзінде Алматы, Шымкент және Қызылорда қалаларында жаңа терминалдар ашылды. Елдің бірнеше қаласында әуежай құрылысы аяқталуға жақын, Арқалық әуежайы қайта қалпына келтірілуде.

Солтүстік Қазақстан облысы бұл процеске белсенді қатысып отыр. Өңірде әуежай модернизациясы жүргізілуде, жолаушыларға жағдай жасалып, ұшу мүмкіндіктері кеңеюде. Маңызды қадам ретінде түнгі рейстерге рұқсат алу аталды, бұл әуе айлағының тәулік бойы жұмыс істеуіне мүмкіндік берді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов атап өткендей, өңірде жаңа халықаралық «Петропавл – Шарм-эш-Шейх» бағыты іске қосылды. «Алдағы уақытта Түркияға және басқа елдерге де рейстер ашуды жоспарлап отырмыз. Жолдауды толық қолдаймын, себебі бұл – даму, біздің өңіріміздің дамуы. Бұл экономиканың дамуына серпін береді», – деді ол.

Аймақтағы жол саласында да үлкен өзгерістер күтілуде. 2025 жылы мың шақырымнан астам автожол жөнделмек. «Жезқазған – Петропавл» республикалық трассасының реконструкциясы аяқталуға жақын, сонымен қатар Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерінде жұмыстар жүргізілуде. «Қазір бірқатар жобалар іске асырылып жатыр. Бұл – республикалық жолдарды, “Петропавл – Жезқазған”, “Петропавл – Қорған”, “Петропавл – Омбы” бағыттарындағы халықаралық дәліздерді жөндеу. Капиталдық және орташа жөндеу, реконструкция жұмыстары жүргізілуде. Бұл автомобиль көлігінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, биыл шекара бекеттерін реконструкциялауға жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Бізде Ресей Федерациясымен 4 бекет бар», – деді Мирхат Әбілмәжінов.

Көлік желісін дамыту, әуе және автокөлік қатынастарын кеңейту сарапшылардың пікірінше, бүкіл ел экономикасына қуатты серпін береді: бұл – жаңа жұмыс орындары, өңірлердің инвесторлар үшін тартымдылығын арттыру және Қазақстанның Еуразиядағы маңызды транзиттік орталық ретіндегі позициясын нығайту.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер