Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыQyzyljar Creative Center: СҚО-да креативті экономиканы дамытудың жаңа моделі қалыптасуда

Qyzyljar Creative Center: СҚО-да креативті экономиканы дамытудың жаңа моделі қалыптасуда

Солтүстік Қазақстан облысында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының қолдауымен адами капиталды жүйелі дамытуға бағытталған креативті-цифрлық инфрақұрылым қалыптасуда. Осы экожүйенің негізгі элементтерінің бірі – Qyzyljar Creative Center, деп хабарлайды Social Media.

Орталық 2024 жылдың қазан айында ашылып, қысқа мерзім ішінде өңірдің креативті және IT-салалары өкілдерін біріктіретін маңызды алаңға айналды. Бүгінде мұнда 70-тен астам резидент тіркелген, ал орталық айналасында қалыптасқан кәсіби қауымдастық 400-ден астам адамды қамтиды. Креативті индустрия бағыттары бойынша, оның ішінде дизайн, анимация, медиа және цифрлық өндіріс салаларында шығармашылық бірлестіктер құрылды.

Qyzyljar Creative Center базасында республикалық және өңірлік деңгейдегі бірқатар жобалар іске асырылуда. Digital Country бастамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысындағы негізгі нысандарды қамтитын цифрлық 3D-турлар әзірленіп, өңірдің мәдени және туристік әлеуетін цифрлық форматта танытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, 2025 жылы облыста Ботай өркениетіне арналған «Ботай. Жоғалған әлемдер» атты толықметражды көркем фильмнің түсірілімі басталды.

Орталық қызметінде инклюзивті және әлеуметтік жобаларға да ерекше мән берілген. Qyzyljar Creative Center базасында Қазақстандағы алғашқы атмосфералық иммерсивті ATMOS театры, сондай-ақ есту қабілеті шектеулі бишілерден құралған Sensitive инклюзивті театры жұмыс істейді. Бұдан бөлек, орталықта заманауи 3D-зертхана іске қосылып, Солтүстік Қазақстан облысындағы тарихи ескерткіштерді цифрландыру және 3D-басып шығару жобасы жүзеге асырылуда. Алдағы уақытта бұл бастаманы еліміздің басқа өңірлерінде де кеңейту жоспарланған.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының басшысы Руслан Алишев орталықтың өңірді дамытудағы стратегиялық рөліне тоқталып, бұл туралы «Қайырымдылық. Сенім. Серіктестік» есептік форумында айтты:«Qyzyljar Creative Center – бұл жеке-жеке жобалар жиынтығы емес, креативті индустрия мен IT саласын өзара толықтыратын адами капиталды дамытудың кешенді моделі. Samruk-Kazyna Trust қорының қолдауының арқасында өңірде жастар нақты жобалармен жұмыс істеп, практикалық дағдыларды меңгеретін және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын кәсіби орта қалыптасып келеді».

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер