Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Аққайың ауданындағы «Оқжетпес» балалар демалыс лагерінде болды, деп хабарлайды Social Media.
Лагерьде қауіпсіз және жайлы уақыт өткізу үшін барлық жағдай жасалған: корпустар жаңартылған, аумақ абаттандырылған, бейнебақылау ұйымдастырылған, сапалы тамақтану, медициналық сүйемелдеу және тақырыптық күндер бойынша бос уақытқа арналған бағдарлама қамтамасыз етілген. Аймақ әкімі жазғы демалысты ұйымдастыру және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды басымдық болып қалатынын атап өтті.
“Балалардың жаздың алғашқы күндерінен бастап белсенді, пайдалы және жақсы көңіл-күйде болғанына қуаныштымын. Біз әр жаз сайын бала үшін ашылу, даму және қауіпсіз әрі қамқор ортада толыққанды демалу уақыты болуы үшін барлық жағдайды жасауға тырысамыз”, – деп атап өтті әкім.
Ағымдағы жылы 1-10 сынып оқушыларының 95%-ын жазғы демалыс пен жұмыспен қамтудың түрлі нысандарымен қамту жоспарланып отыр. Бұл 64 мыңнан астам оқушы. Жазғы маусым 10 мыңнан астам бала демалатын 6 қала сыртындағы лагерьлерде басталады.
Бұған дейін Білім басқармасының хабарлауынша, СҚО-да лагерьлерді жөндеуге 393 миллион теңге бөлінген. Ведомствоның мәліметінше, СҚО-да барлығы 10 қала сыртындағы лагерь жұмыс істейді. Оның ішінде 9 аймақ аумағында, тағы 1-еуі – Тайынша ауданының Edelweiss Borovoe, Ақмола облысының аумағында орналасқан.