Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер есірткі қылмысымен белсенді күресті жалғастыруда. Бес ай ішінде заңсыз айналымнан 40 килограмнан астам есірткі тәркіленді, оның негізгі бөлігі 33 килограмды құрады, деп хабарлайды Social Media.
Аталған мерзім ішінде Солтүстік Қазақстан облысында 139 есірткі бұзушылығы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29 есеге артық. Олардың ішінде 87 қылмыс, соның ішінде 66 өткізу фактісі, 5 аса ірі сақтау, 3 контрабанда, 2 есірткі насихаты және 2 ҰҚТ ұйымы бар. Маңызды жағдайлардың ішінде – еліміздің оңтүстігінен өсімдік есірткісін жеткізуді жолға қойған облыстың 6 тұрғынынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесу. 20 килограмм марихуана тәркіленді. Сонымен қатар, үй жағдайында құрылған 9 фитонарколаборатория таратылды.
“Есірткі ахуалын талдау көрсеткендей, Солтүстік Қазақстан облысына синтетикалық есірткілер басқа өңірлерден, негізінен Астана, Алматы, Ақмола және Павлодар облыстарынан тасымалданады. Қабылданған шаралармен синтетиканы жеткізудің 4 арнасы тоқтатылды. Мысалы, 2025 жылғы 7 сәуірде «Южный» бекетінде 26 жастағы ер адамның басқаруындағы «Daewoo Nexia» автокөлігі тоқтатылды. Тінту барысында 500 грамға жуық синтетикалық есірткі мен 100 грамм каннабис шайыры тәркіленді. Ұсталған адам республикалық интернет-дүкен үшін синтетика тасымалдаушы қызметін атқарған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды”, – деп атап өтті полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Асқар Мұхаметқалиев.
Жұмыстың маңызды бағыты нашақорлықтың алдын алу болып табылады. Бес айда 420-дан астам алдын алу іс-шаралары өткізілді, оның ішінде 55 акция, 218 дәріс, 28 дөңгелек үстел, 20 спорттық және мәдени іс-шара. Мектептердің, колледждер мен жоғары оқу орындарының 25 мыңнан астам жасөспірімдері мен студенттері қамтылды. Полиция өңірдегі есірткі қылмысымен тиімді күреске бағытталған кешенді шараларды белсенді түрде қабылдауды жалғастырады.