Жексенбі, Ақпан 23, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО әкімдігінде саяжай мәселесі бойынша түсіндірме берілді

СҚО әкімдігінде саяжай мәселесі бойынша түсіндірме берілді

СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетов азаматтарды қабылдау орталығында  тұрғындардың сауалдарын тыңдады. Қабылдауда әр түрлі мәселелер көтерілді, оның ішінде саяжай мәселесі де бар. «Искра» саяжай қоғамының тұрғындары саяжайдан көшіру және оларға басқа тұрғын үй беру туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Social Media.

Қабылдауға келгендерге заңға сәйкес, азаматтар саяжай аумағында тұрақты тұрғын үй салуға болмайтындығы түсіндіріліп, осы жағдай бойынша баспана беру мүмкін емес екені айтылды. Саяжайшыларға кезекке тұрып, оның аясында баспана алу ұсынылды. Егер тасқын кезінде саяжай учаскелерін су басатын болса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындар эвакопункттерге көшіріледі. 

Айта кетейік, былтыр қатты су тасқынының нәтижесінде Заречный кентінде 189 үй апаттық деп танылып, тұрғындарға жаңа үйлер мен пәтерлер берілді. Қазір кентте 251 үй мен пәтер бар.
Заречный Есіл өзенінің сағасында орналасқандықтан және бөгеттің нығайтылғанына қарамастан, шағын ауданды тасқыннан толық қорғау мүмкін емес. Сондықтан кент тұрғындарын толықтай көшіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсатта қалада екі көпқабатты үй салынуда, оған қоса, екінші нарықтан пәтерлер де берілмек.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер