Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Кездесу аймақ әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өтті, деп хабарлайды Social Media.
Облыста сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау бойынша жүйелі жұмыс тұрақты негізде жүргізілуде. Бұл бағыттағы қызмет ведомствоаралық комиссияның отырысында тағы да талқыланды.
Отырыста әлеуметтік қорғау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы және білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы мәселелер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтіп, тиісті органдарға бірқатар тапсырмалар берді.