Сәрсенбі, Ақпан 5, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО әкімі өрттен қаза тапқан отбасының әжесіне көңіл айтты

СҚО әкімі өрттен қаза тапқан отбасының әжесіне көңіл айтты

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданына жұмыс сапары барысында Ступинка ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың туыстарымен кездесті. Өңір басшысы өрттен қаза тапқан отбасының әжесі Елена Денисенкомен жолығып, шын жүректен көңіл айтты. Ол мемлекет қиын сәтте барынша қолдау көрсететінін жеткізіп, жергілікті билік тарапынан қажетті көмек ұйымдастырылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Social Media.

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда Шал ақын ауданының Ступинка ауылында жантүршігерлік өрт болып, бір отбасының бес мүшесі – әкесі мен төрт баласы көз жұмды. Тек үлкен ұлы Станислав аман қалды, өйткені ол өрт болған сәтте облыс орталығында оқуда жүрген еді.

Қазіргі уақытта Станиславтың қамқоршылық құжаттары ресімделіп, ол Петропавлдағы колледжде оқуын жалғастыруда. Жергілікті билік тарапынан оған жатақханада тегін тұру және білім алу мүмкіндігі қарастырылды. Сонымен қатар, Елена Николаевна мен оның немересіне Сергеевка қаласынан пәтер сатып алынуда. Ғауез Нұрмұхамбетов аудан басшылығына баспананы ресімдеуді барынша қысқа мерзімде аяқтауды тапсырды.

Облыс әкімінің айтуынша, билік органдары отбасыға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады. Қайғылы оқиғадан кейін жергілікті тұрғындар мен еріктілер де шет қалмай, материалдық және моральдық қолдау білдіруде.

Бұл оқиға бүкіл өңірді дүр сілкіндірді. Марқұмдардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер