Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Петропавлдағы бірқатар құрылыс алаңдарында болды. Ғауез Нұрмұхамбетов балабақшалар мен көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты, деп хабарлайды Social Media.
Облыс орталығында Копай ықшамауданын қайта құру белсенді жүргізілуде. Бұзылған ескі үйлердің орнына 605 пәтерлік 7 ипотекалық көпқабатты үйдің құрылысы жүргізілуде. Шағын ауданда барлығы 27 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған. 3 800 отбасы қоныс тойын тойлауға мүмкіндік алады.
“Сондай-ақ мектеп, балабақша және емхана салу қарастырылған. Ескі үйлердің тұрғындары өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мүмкіндік алды, ал қала өмір сүру және даму үшін жаңа жайлы аймаққа ие болды”, – деп атап өтті Ғауез Нұрмұхамбетов.
Белсенді дамып келе жатқан тағы бір шағын аудан – Орталық. Онда Ш. Уәлиханов атындағы көшеде 280 орындық балабақша салу жоспарланған.
Жас Өркен шағын ауданында 280 орындық балабақшаның құрылысы жалғасуда. «Негіз» мердігерлік ұйымы жұмысты жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.
“Жаңа нысандарды салу және жұмыс істеп тұрған балабақшаларды кеңейту 2-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен барынша қамтуға мүмкіндік береді”, – деп атап өтті облыс әкімі.
Жаңа мектепке дейiнгi мекемелердiң қажеттiлiгi шағын аудандардың тез өсуiне негiзделген. Онда балалары бар отбасылар қоныстанатын көп қабатты жаңа үйлер салынып жатыр.