Сенбі, Наурыз 22, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО әкімі Тимирязев ауданының тұрғындарымен кездесті

СҚО әкімі Тимирязев ауданының тұрғындарымен кездесті

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Тимирязев ауданына барып, тасқынға дайындық пен аудандық аурухананың күрделі жөндеу жұмыстарын тексеріп, Ақжан ауылындағы жаңа медпунктке, «Атамекен агро Тимирязево» ЖШС-ның мал шаруашылығы кешеніне және «Амиркин» ЖК-нің сауда үйіне барды, деп хабарлайды Social Media.

Наурызнама аясында өңір басшысы «Жаңару күні» мерекесін Степное ауылының тұрғындарымен бірге атап өтті. Мейрам «Ауыл – Ел бесігі» аясында салынған мәдени-сауықтыру орталығында өтті. Тұрғындарды Наурыз мейрамымен құттықтап, оларға бақыт пен ырыс тіледі.

Биыл  Жеңістің 80 жылдығын атап өтеміз. Облыс әкімі тыл ардагері  Екатерина Чмеруктың шаңырағына барды. Соғыс басталған кезде ол 7 жаста болды, балалармен бірге егіс алқаптарында еңбек еткен. Әкесі майданға аттанды, анасы екеуі қиын жылдарды бірге өткерген. Соғыстан кейін құрылыс саласында еңбек етіп, үш баланы тәрбиелеген. Биыл ардагер 90 жасқа толып отыр. Ғауез Нұрмұхамбетов тыл ардагерін мерейтойымен құттықтап, оның жанқиярлық еңбегі мен бейбіт өмір үшін алғысымды білдірді.

Сонымен қатар облыс әкімі агротехникалық колледжге барып, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында кәсіптік білім беру сапасына ерекше назар аударылып отырғанын көрді. Қазіргі таңда колледжде 139 студент мемлекеттік тапсырыс аясында механизатор, аспаз және дәнекерлеуші мамандықтары бойынша білім алуда. Алдағы уақытта студенттер контингентін көбейту және нан-тоқаш пісіруші  мамандығын ашу жоспарланып отыр. Облыс әкімі еңбек ардагерлерімен де кездесті, олар бүкіл өмірін жұмысшы мамандықтарына арнаған. Олардың еңбегі мен адалдығы — бізге үлгі, еліміздің нағыз батырлары.

Сапар соңында СҚО әкімі Тимирязев ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, ауданның даму қорытындылары мен жоспарларын талқылады. Биыл Москворецкое ауылына апаратын кіреберіс және ішкі көше жолдарын жөндеу, сондай-ақ Дмитриевкадағы көшелерді асфальттау жоспарлануда. Тимирязев мектеп-гимназиясы мен аудандық аурухана күрделі жөндеуден өтпек. Сонымен қатар Мичурино ауылында таратушы желілерді қайта жаңарту, Тимирязево ауылында желілер мен су қондырғыларын орнату жүргізілмек. Аудандағы 9 ауылда су мұнаралары мен насос стансаларының құрылысы аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер