Сенбі, Шілде 19, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО аумағында жаңбыр, найзағай мен қатты жел күтіледі -19-25 шілдеге арналған ауа...

СҚО аумағында жаңбыр, найзағай мен қатты жел күтіледі -19-25 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Солтүстік Қазақстан облысында 19–25 шілде аралығында құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері облыс аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ пен екпінді жел күтіледі, деп хабарлайды Social Media.

19 шілдеге қараған түні облыстың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр облыстың басым бөлігін қамтиды. Шығыс және оңтүстік аймақтарда қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болжануда. Кей өңірлерде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 20 м/с-қа дейін, шығыста 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +8…+16 °C, күндіз +19…+24 °C шамасында болады.

20–22 шілде аралығында жаңбыр облыстың солтүстігі мен шығысында сақталады. Түнде және таңертеңгі уақытта тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, күші 9–14 м/с, кей жерлерде 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+12 °C, күндіз +20…+25 °C.

23 шілдеде жаңбыр, найзағай және бұршақ негізінен облыстың батысы мен оңтүстігінде болжануда. Ауа температурасы түнде +12…+17 °C, күндіз +22…+27 °C.

24–25 шілде күндері өңірде күн жылынады: ауа температурасы күндіз +30 °C-қа дейін көтеріледі. Алайда жаңбыр, найзағай мен бұршақ қаупі әлі де сақталады. Жел оңтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с. Түнгі температура +12…+17 °C, күндіз +25…+30 °C.

Мамандар тұрғындарға ауа райының құбылмалы сипатына байланысты сақтық шараларын қаперде ұстауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер