Сейсенбі, Қыркүйек 2, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-дағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

СҚО-дағы жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

1 қыркүйек күні «Челябі – Новосібір» трассасының Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданына қарасты Қызылжар ауылының маңында үш автокөлік соқтығысып, ауыр жол апаты орын алды. Салдарынан екі адам көз жұмып, бесеуі әртүрлі дәрежеде жарақат алды. Олардың жағдайы туралы СҚО Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Social Media.

Бір науқас Мамлют аудандық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оны СҚО-ның орталығы – Петропавл қаласындағы көпсалалы ауруханаға көшіру мәселесі қарастырылып жатыр. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

«Төрт науқас қалалық көпсалалы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр: 52 жастағы ер адам – аса ауыр, жағдайы тұрақсыз. Сондай-ақ егде жастағы әйелдің жағдайы да ауыр деп бағалануда. Қалған екі науқас түрлі жарақаттарымен травматология бөлімшесіне орналастырылды. Олардың жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», – деді СҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Гүлнар Сайлау.

Естеріңізге сала кетейік, кеше түскі уақытта оқиға орнындағы мыжылған көліктер мен сынықтарды көрсеткен кадрлар әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Апат республикалық маңызы бар трассаның 505-шақырымында, СҚО аумағында болған. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен нақты себебі анықталуда – сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

СҚО құқық қорғау органдары барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықтан аспауға, рульде мұқият болуға және жолдың күрделі жағдайларында барынша сақтық танытуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер