Жұма, Қазан 18, 2024

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да үстел теннисі орталығы, балабақша мен спорткешен ашылды

СҚО-да үстел теннисі орталығы, балабақша мен спорткешен ашылды

Республика күні мерекесіне орай СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен Парламент Сенатының вице-спикері Ольга Перепечинаның қатысуымен өңірде әлеуметтік маңызы бар және спорт нысандары ашылды. Бұл – «Бірлік» шағын ауданындағы балабақша, «Qyzyljar» үстел теннисі орталығы және «Береке» шағын ауданындағы спорт кешені, деп хабарлайды Social Media.

Су тасқынынан зардап шеккен «Бірлік» шағын ауданының тұрғындары үшін жаңа балабақша ашылды.

Балабақша 90 орынға шақталған, жаңа ықшам аудандағы бүлдіршіндердің мектепке дейінгі білім алуына барлық жағдай жасалған. Мұнда келесі жылы жаңа мектептің құрылысы да басталады.

Сондай-ақ бұл күні «Qyzyljar» үстел теннисі орталығының ашылуы болды. Орталық үздік халықаралық стандарттарға сай: 24 үстелі бар ойын залы, жаттығу залы және көрермендерге арналған трибуна бар. Кешенде республикалық және халықаралық турнирлер, оқу-жаттығу жиындарын өткізуге болады. Ашылу күні үстел теннисінен облыс біріншілігі өтті. Турнирге қатысушыларды, облыс тұрғындарын және спорт қауымын өңір басшысы заманауи спорт нысанының ашылуымен құттықтап, үстел теннисінің дамуына үлкен серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі спорттық жарыстарға бару үшін үстел теннисі мектебіне шағын автобустың кілтін табыс етті.

Сондай-ақ «Береке» шағын ауданында көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуы өтті. Спорт кешенде спорт түрлерінің кең спектрі бар, волейбол және баскетболға арналған әмбебап зал, бокс залы, жекпе-жек залы, тренажер залы, велобаза,  ашық жаттығу алаңдары және шағын футбол алаңы бар.

Бұл кешен «Береке» тұрғындары үшін маңызды, өйткені қаланың басқа аудандарына бармай-ақ спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді. Бұл спорттық қолжетімділігін қамтамасыз етіп, спортты насихаттауға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер