Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов 10 ай жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді, деп хабарлайды Social Media. Негізгі мәселелер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігі мен облыстағы есірткі ахуалы болды.
СҚО ЖПҚ басқармасы бастығының м.а., полиция подполковнигі Александр Розбах балалардың қадағалаусыз қалуының алдын алу және олардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ оқу орындарындағы қауіпсіздікті нығайту жөніндегі шаралар туралы есеп берді. Бүгінде облыстың барлық 450 мектебі бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Полиция кезекші бөлімдерінің мониторларына 252 мектеп шығарылды, 335 «дабыл түймелерімен» жабдықталды, 97-сі физикалық күзетпен қамтамасыз етілді.
Айдын Қабдулдинов балалардың қауіпсіздігі мәселесі Мемлекет басшысының ерекше бақылауында екенін атап өтіп, оқу орындарындағы қауіпсіздікті күшейту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Ювеналды полицейлерге қабылданған шаралардың тиімділігін талдау, күш-жігерін жұмыстың креативті, эмоциялық жарқын тәсілдеріне шоғырландыру тапсырылды.
СҚО ЖП есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Руслан Сапаров 10 ай ішінде 212 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткіні аса ірі мөлшерде сақтаудың 6 фактісі және өткізудің 114 фактісі анықталып, бір есірткі зертханасы жойылғанын хабарлады. Заңсыз айналымнан 755 килограмнан астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді. Синтетикалық есiрткiлердi өткiзудiң жолын кесуге ерекше назар аударылады. Олар өткен жылдың осы кезеңіндегі 2 кг 313 гр орнына 6 кг 709 гр тәркіленді.
Полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов бағыныстыларға жылдың қалған кезеңіне арналған міндеттерді белгілеп, есеп контингентімен жұмысты күшейтуге, барлық мүдделі органдармен тығыз өзара іс-қимылды, сондай-ақ заңдылық пен қызметтік тәртіпті қатаң сақтауға бағыттады.