Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотында алқабиге кандидаттар тізіміне енгізілген А. Алқабилер алқасын іріктеу процесі басталғанға дейін ер адам дәлелсіз себептермен сот ғимаратынан шығып кеткені анықталды, деп хабарлайды Social Media Солтүстік Қазақстан облыстық сотына сілтеме жасай отырып.
«Алқабилер туралы» заңға сәйкес сот отырысының басталу орны мен уақыты туралы хабарлама алған азаматтар алқабилерді іріктеу рәсіміне қатысу үшін сотқа келуге міндетті. Сотқа келуге мүмкiндiк болмаған жағдайда кандидат келмеу себептерi туралы алдын ала хабарлауға мiндеттi.
2024 жылғы 30 қыркүйекте алқабиге кандидаттар тізіміне енгізілген Петропавл қаласының тұрғыны А., алқабилер алқасын іріктеу процесі басталғанға дейін дәлелсіз себептермен сот ғимаратынан шығып кетті. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотта жауапкер кінәсін мойындап, өз әрекетінің мән-жайын растады. Сот қаулысымен Ә.А. ӘҚБтК-нің 655-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған ескерту түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
Облыстық сотта ӘҚБтК-нің 655-бабының санкциясымен алқабидің міндетін атқару үшін сотқа шақыру бойынша дәлелсіз себептермен келмегені үшін ескерту немесе 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза көзделгені еске салынды.