Солтүстік Қазақстан облысында 19-20 маусымда аудандық статистика басқармаларының басшылары мен нұсқаушылар үшін ауыл шаруашылығы санағының негізгі кезеңін дайындау және өткізу бойынша оқыту өткізілді, деп хабарлайды Social Media.
Семинарда ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу тәртібі, сондай-ақ санақ персоналының міндеттері мен функциялары қаралды. Оқыту іс-шарасына қатысушылар «Аудандастыру» АЖО жүйесіндегі жұмысты меңгеріп, нұсқаушылық және есептік учаскелерді қалыптастыру бойынша практикалық дағдыларға ие болды.