СҚО-да Қызылжар ауданының 22 жасар тұрғыны автокөлікті сүйрету кезінде ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Social Media.
12 қарашада сағат 19: 30-да СҚО Қызылжар ауданы Березовка ауылының маңындағы «Долматово-Петропавл» автожолында 44 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Mercedes-Benz» маркалы автокөліктің кюветке шығуы орын алды.
Өтіп бара жатқан автокөліктер көмек көрсету үшін тоқтай бастады. Машинаны арқанға сүйреп шығара бастағанда, «УАЗ» маркалы автомобильге іліккен бірнеше ер адам оны артынан итеріп жіберді. Бір сәтте жарылыс болып, «Mercedes-Benz» автокөлігінің артқы шинасы жарылып кеткен.
Аталған оқиға барысында Қызылжар ауданының 22 жасар тұрғыны зардап шекті, ол өте ауыр күйде медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлер оған оң жағынан көкірек қуысының көптеген жаралануы, өкпенің, жүректің, диафрагманың және оң бауыр бөлігінің жаралануы, жүрек тампонадасы, оң жағынан травматикалық пневмогемоторакс, 2-дәрежелі травматикалық шок диагнозын қойды.
Науқасқа жедел операция жасалып, реанимациялық бөлімшеге жатқызылды. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр, тұрақты деп бағалануда. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, барлық қажетті емді толық көлемде алады.