Сенбі, Қаңтар 4, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

СҚО-да балаларға арналған оңалту орталығы ашылды

Облыстық балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды, оның ашылу рәсіміне “Қазақстан халқына” қоры төрағасының орынбасары Ләззат Шыңғысбаева мен СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты. Орталықта бюджет есебінен күрделі жөндеу жүргізіліп, ал жабдықтауды «Қазақстан халқына» және “Қамқорлық” қоры қаржыландырды, деп хабарлайды Social Media.

Орталық нейро-ортопедиялық ақаулары бар балаларға кешенді медициналық-әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық көмек көрсетеді. Мұнда тиімді оңалту үшін әлемдік брендтердің заманауи қондырғылары орнатылған.

Балалармен реабилитолог, невролог, логопед, дефектолог, эрготерапевт және психолог жұмыс істейді.

“Өңірде 2,3 мыңға жуық ерекше сұранысқа ие бала бар. Жаңа орталық жыл сайын 2 мыңға жуық баланы оңалту курсынан өткізуге мүмкіндік береді. Маңыздысы, әр бала бірнеше курстан өтеді, бұл оң нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Жалпы оңалту орталығының ашылуы емге мұқтаж балаларды көптеп қамтуға мүмкіндік береді”, – деді өңір басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер