Сәрсенбі, Наурыз 12, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да Есіл өзенінде жарылыс жұмыстары басталды

СҚО-да Есіл өзенінде жарылыс жұмыстары басталды

Солтүстік Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында мұз жару жұмыстары басталды. Бұл шара су деңгейінің көтерілу қаупін төмендетіп, өзен арнасындағы мұз кептелісін болдырмауға бағытталған, деп хабарлайды Social Media.

Қызылжар ауданына қарасты Қызылжар және Долматово ауылдарының маңында 2,5 мың шаршы метр аумақта жарылыс жұмыстары жүргізілді. Бұл – көктемгі су тасқынының алдын алу шараларының бірі.

Көктемде өзендердегі мұз біркелкі ерімей, кей жерлерде жиналып, мұз кептелісін тудырады. Бұл судың деңгейін күрт көтеріп, өзен арнасынан асып, жақын маңдағы елді мекендерді су басу қаупін арттыруы мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін мұз жару жұмыстары жүргізіліп, өзен суының қалыпты ағуына мүмкіндік беріледі.

Мұндай жарылыс жұмыстары тек Қызылжар ауданында ғана емес, Петропавл қаласы мен тағы 8 ауданда жүргізілмек. Жалпы, Есіл мен шағын өзендерде 49 учаске белгіленген.

Айта кету керек, биыл мұз жару жұмыстарына бөлінген қаражат өткен жылмен салыстырғанда 5 есе көбейтілді. Бұл өз кезегінде мұз кептелісінің алдын алуға және су тасқыны қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта мамандар су айдындарындағы жағдайды мұқият бақылауда ұстап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер