Нашақорлық алдын алуды ұйымдастыруда шешуші іс-қимылды талап ететін қоғамның маңызды проблемаларының бірі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Халыққа Жолдауында синтетикалық есірткіге қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуы тиіс екенін атап өтті, деп хабарлайды Social Media.
Полиция еріктілерді, үкіметтік емес ұйымдарды ақпараттық жұмысқа тартуда. Бүгін гарнизондық жиналыста тәртіп сақшылары мен әскери қызметшілермен бірге, Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығының, «Болашақ» ҮЕҰ, «Жастар мәслихаты» және «Азаматтық альянс қауымдастығының» 100-ге жуық белсендісі қатысты.
СҚО ПД бастығының м.а. полиция полковнигі Құрманғали Ысмағұлов қызметкерлер мен еріктілерді 29-31 қазан аралығында өткізілетін «Есірткісіз қала» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде ақпараттық жұмыс жүргізуге бағыттады.
«Қала учаскелік полиция пункттері бойынша секторларға бөлінген, әр пунктке ПД басшылығынан жауаптылар бекітілген», — деді ол. – «Өз Жолдауларында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нашақорлықтың алдын алу және жалпы есірткі қылмысына қарсы күрестің сапасын арттыру үшін қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға шақырды. Біздің ортақ үйлесімді жұмысымыздың арқасында ғана біз аймақтағы есірткінің жағдайын өзгерте аламыз».