Сәрсенбі, Ақпан 26, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да күнбағыс өңдейтін майды экстракциялау зауыты іске қосылды

СҚО-да күнбағыс өңдейтін майды экстракциялау зауыты іске қосылды

Облыста ірі инвестициялық жоба сәтті жүзеге асты, бұл Президенттің аграрлық саладағы өңделген өнімнің үлесін 70%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасына сәйкес орындалды. Петропавлда майлы дақылдарды өңдейтін «Масло-Дел» серіктестігінің майды экстракциялау зауыты іске қосылды. жаңа кәсіпорынға СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов барып,  технологиялық процеспен танысты, деп хабарлайды Social Media

Жобаға 34 млрд теңге инвестиция құйылып, толық қуатына шыққанда 220 жұмыс орны ашылады. Бюджетке 3,2 млрд.тг салық құяды.

Жаңа кәсіпорын жылына 400 мың тоннаға дейін майлы дақылдарды өңдей алады. Өндіріс толықтай автоматтандырылған және қалдықсыз жұмыс істейді, заманауи еуропалық жабдықтармен қамтылған. Зауыттың өнімі –  күнбағыс, рап және зығыр майы, сондай-ақ күнжара мен шрот.

Ашылған күннен бастап 10 мың тонна тазартылмаған күнбағыс майы өндірілді. Көктемде экстракция желісі іске қосылса, жыл соңына дейін тамақ өнеркәсібінде сұранысқа ие лецитин өңдеу цехы ашылады.

“Кәсіпорын шикізатты жергілікті диқандардан сатып алады, бұл өңірдің жоғары әлеуетін көрсетеді. Биыл әртараптандыру аясында майлы дақылдардың егіс алқабы 85 мың гектарға ұлғайтылып, 760 мың гектарға дейін жетті”, – деп атап өтті өңір басшысы.

Жаңа зауыттың арқасында өңір барлық өнімді өңдеуге мүмкіндік алды. Айта кетсем, былтыр СҚО-да 780 мың тонна майлы дақыл жиналса, бүгінде өңдеу кәсіпорындарының жалпы қуаты жылына 811 мың тоннаны құрайды.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер