Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының жаңа казармасы ашылды, деп хабарлайды Social Media. Салтанатты шараға СҚО әкімі Гауез Нұрмұхамбетов, ІІМ орынбасары, ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Аңсаған Балтабеков және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сакентай Шекарбеков қатысты.
Бұл әскери қызметшілерге қамқорлық көрсету деңгейінің, олардың қызметі мен өмір сүру жағдайларының артқанын айғақтайтын маңызды оқиға. Казарманың заманауи ғимараты жеке құрамды жайлы орналастыруға қажетті барлық жабдықтармен жабдықталған. Кең жатын бөлмелер, жаттығу залдары және демалыс бөлмелері ең жоғары стандарттарға сәйкес келеді.
“Осының бәрі гвардияшылардың жауынгерлік дайындығы мен моральдық рухын арттыруға бағытталған. Жаңа казарманың ашылуы – ел мен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш құрылымдарының инфрақұрылымын дамытудағы тағы бір қадам”, – деп атап өтті өңір басшысы.