Жұма, Шілде 18, 2025

Петропавлдағы № 1 халықтық жаңалықтар порталы

Басты бетПетропавл және СҚО жаңалықтарыСҚО-да мас жүргізушіге 550 мың теңге айыппұл салынды

СҚО-да мас жүргізушіге 550 мың теңге айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысында ер адам мас күйінде автокөлік тізгініне отырғаны үшін ірі көлемде айыппұл арқалады. Жүргізуші куәлігі жоқ азамат «Челябі – Новосібір» тас жолында полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды, деп хабарлайды Social Media.

Құқықбұзушылық ісі ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 8-бөлігі бойынша Мағжан Жұмабаев ауданының сотында қаралды. Сот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындап, дәмханада бір кружка сыра ішкенін, кейін көлікке отырып үйіне бет алғанын түсіндірді. Алайда жолда оны тәртіп сақшылары тоқтатқан. Белгілі болғандай, ер адам бұрын-соңды жүргізуші куәлігін алмаған.

Соттың шешімімен оған 550 480 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Аталған қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз

ЖАУАП ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Please enter your comment!
Please enter your name here

Танымал

Соңғы пікірлер