СҚО полиция департаменті бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция полковнигі Әбілғазы Ғабдуллин Жамбыл, Есіл, Шал ақын, Тимирязев және Ақжар аудандарының жеке құрамы мен аудан белсенділеріне жаңа полиция бөлімдерінің бастықтарын таныстырды, деп хабарлайды Social Media.
Осылайша, Жамбыл ауданының полиция бөлімін полиция полковнигі Асылбек Тоқтамысов, Есіл ауданының ПБ — полиция подполковнигі Руслан Мұхамбетжанов, Шал ақын ауданының ПБ — Ерлік Еслямбеков, Тимирязев ауданының ПБ — Тілеген Әлжанов, Ақжар ауданының ПБ — полиция подполковнигі Жанат Рахметов басқаратын болады.
Бесеуі де тәжірибелі басшылар. Асылбек Тоқтамысов соңғы 2,5 жылдан астам уақыт Петропавл қаласы полиция басқармасы бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, Тілеген Әлжанов-4 жылдан астам уақыт Петропавл қ. ПБ Бірінші полиция бөлімін басқарған, Жанат Рахметов Жамбыл ауданының ПБ бірінші орынбасары, ал 2023 жылдың тамызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Мағжан Жұмабаев ауданының ПБ бастығының бірінші орынбасары лауазымында болған. Тәжірибелі басшылар Ерлік Еслямбеков пен Руслан Мұхамбетжанов ротация тәртібімен кезекті ПБ басқаратын болады.
СҚО ПД бастығы орынбасарының м.а. Әбілғазы Ғабдуллин жаңа басшыларды таныстыра отырып, аудандық полиция бөлімдерінің жеке құрамымен кеңес өткізді; осы жылдың 9 айында ішкі істер органдарының бөлімшелерінде тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі туралы шолу жеткізілді. Әбілғазы Ғабдуллин атап өткендей, халық пен мемлекеттің игілігі үшін полицияның табысты жұмысының негізі — сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік, сондай-ақ жеке құрамның тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауы.